18 сәу, 2024 сағат 13:34

Министр Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиадаға қалай дайындалып жатқанын айтты


Фото:olympic.kz

Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев Мәжілісте өткен жиында Қазақстан құрамасы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын айтты деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


Министрдің сөзінше Қазақстан құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта спорттың 13 түрі бойынша 33  лицензия бар. 


"Ұлттық құрама Олимпиадаға дейін тағы 40-тан астам лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысады. Лицензия мен Олимпиада медалын жеңіп алуға мүмкіндігі бар 56 потенциалды спортшыдан тұратын пул құрылды. Олимпиадаға дайындық Штабы жұмыс істейді. Штаб барлық мүдделі тараптың өзара іс-қимылын үйлестіретін орталық ретінде қызмет етеді", -деді министр.


Сондай-ақ, Олимпиадалық форманың дизайнына қатысты 15 сәуірде комиссия жұмысының қорытындысы шығарылып, конкурс жеңімпазы анықталған екен. 

Министрлік форманы эскиз бойынша тігуге толықтай спонсорлық қаражат тартуды жоспарлап отырғандарын айтты. 


"Бұл сапаны жақсартуға және спортшылардың қалауларын ескеруге мүмкіндік береді", -деп отыр Ермек Маржықпаев.