18 қар, 2016 сағат 14:12

Министр EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайды біреу қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс қозғадық. Сараптама жүргізіп жатырмыз. Қирау себебін анықтаған соң, процесстік шешім қабылдаймыз. Қазір біз техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтаймыз. Біреу-міреу қасақана кесіп тастаған шығар, сапасыз материал болып шығуы да мүмкін. Барлығын зерттейміз, содан кейін ғана шешім шығарамыз", - деді министрі Астанадағы парламент отырысының үзілісінде.

Айта кетейік, бүгін EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.