30 нау, 2025 сағат 11:28

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті


Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.


"Михаил Шайдоров сенімді өнер көрсетіп, қысқа және еркін бағдарламаларда жоғары деңгейде сырғанаумен көзге түсті. Оның жалпы ұпай саны 287. 47 болып, әлемнің үздік екі спортшысының қатарына қосылуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.


Бұл Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Ал мәнерлеп сырғанаушының екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осы жарыста жеңіске жетіп Денис Теннің жетістігін қайталаған еді.


Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасына ие болып, Миланда Қазақстан намысын қорғайтын болады.