СССР-дың тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Ресей мен батыс елдері арасында «жаңа қырғи қабақ соғыс» қаупі барын мәлімдеді. Бұл туралы ол Германияның Bild басылымына сұхбатында айтқан.
Оның айтуынша, «қаһарлы сөйлеуді жиілеткен саясаткерлер мен жоғарғы шенді әскерилер сөздерін» баспасөз құралдары да «қағып алып, отқа май құйып» отыр.
«Ірі держвалар арасындағы қарым-қатынас нашарлауы - әлем соғысқа дайындалып жатқандай әсер қалдырады. Қырғи-қабақ соғыс белгісі айқын білініп отыр» деген ол.
Горбачев "қазіргі кезде Ресей мен Батыс арасында қайтадан жаппай қарулану басталуы мүмкін бе" деген журналистің сұрағына «кей аймақтарда ол басталып та кетті» деп жауап берген.
«Еуропаға әскер, олармен бірге танкілер мен беренді машиналар сынды ауыр техника да келіп жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын НАТО мен Ресей әскері бір-бірінен айтарлықтай алыста болса, қазір бетпе-бет тұр» деген Горбачев.
Ол Батыс елдерін «демократияға баратын жол ортасындағы, дамушы елдер қатарындағы» Ресейге деген «сенімді қалпына келтіруге» шақырған.