Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.
"Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды", - деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай.
Ол қазіргі уақытта әншінің жағдайы жақсарғанын айтты.
"Басында ол бұл дертке сеніңкіремеген еді. Сондықтан халық та өз денсаулығына барынша мұқият болсын деп, болған жағдайды айтып отырмыз", - деді Жүнісбай.
"МузАРТ" тобының директоры Мейрамбек Бесбаев дәрігерлерге алғыс білдіргенін жеткізді.