23 қаз, 2020 сағат 09:55

«Мен Туымды мақтан етемін» - қазақстандықтар жаңа акция бастады

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшаларына Мемлекеттік Тудың аясындағы фотосуреттерін жариялап, ерекше акция бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен азаматтар әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр. Facebook, Instagram желілерімен қатар YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда. Қолданушылардың бірі арнайы видео әзірлесе, енді бірі өлең-жыр арнап, үн қосқан. 

«Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім», - деп жыр арнаған қолданушылардың бірі.

Аз уақыттың ішінде тың бастама мыңдаған қазақстандықтың қолдауына ие болды.