10 мау, 2019 сағат 17:27

Мен Қазақстанның толыққанды президентімін – Тоқаев «билік транзиті» жайлы

Ақордадағы брифинг кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік журналистің «сайлаудың қорытындысын толық «билік транзиті» деуге бола ма?» деген  сұрағаны жауап берді.

Мемлекет басшысы «транзит» деген сөзге қарсы екенін айтты. 

«Мен ресейлік БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенде «қазақша транзит» дегенді кішкене түсіндіріп кеткен болатынмын. Транзит деген не? Демек, мен транзиттік жолаушымын ба, әлде жолшыбай адаммын ба? Жоқ, мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды президентімін деп есептеймін. Мен - жолаушы емеспін. Пойызды, ұшақты ауыстырайын деп отырған жоқпын, қозғалып бара жатқан ешқандай құралға ауысып отырайын деп отырған жоқпын. Сондықтан бұл сөзді доғарайық. Сайлау өтті, Президент сайланды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол ҚР Президенті ретінде кандидаттыққа шешім қабылданған кезде және сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты.

«Кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғанда немесе жарияланғанда мен бұл сезімдерді артта қалдырған болатынмын. Себебі бұл сұрақ 3 жыл бойы талқыланып келді.

...Сіздер таңғаласыздар, әрине, бірақ менде қандай да бір сезім болған жоқ. Біртүрлі қызық салқын сабырлық болды. Неге екенін білмеймін. Мүмкін, мен одан ары не істейтінімді ойлаған шығармын, ал жұмыс кестесі өте тығыз. Былайша айтқанда, күлетін де, қуанатын да уақыт жоқ.

Оның үстіне президент ретінде жүктелген жауапкершілікті түсінесің», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қорытындысы бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті.