«Мен қазақпын» атты xалықаралық мегажобаның аясында Алматы және Маңғыстау облыстарында іріктеу шаралары басталды. Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Жоба аясында арнайы топ әрбір облысты аралап, қатысушыларды іріктейді. Одан өткендер телевизиялық байқауға жолдама алады. Қатысушылардың жас ерекшелігі - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс.
«Бүгін Алматыдағы іріктеу турлары сағат 11:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер орталығында басталады. Ал Ақтауда сағат 14:00-де Мәдениет сарайында өтеді», - деді «Қазақстан» РТРК продюссері Қуаныш Сұлтанұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады. Атап айтқанда, Алтай республикасының Қосағаш ауданында іріктеу турлары өткізіледі. Бұдан бөлек, Баян-Өлгей мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде іріктеулер ұйымдастырылады. Ол жақтағы шаралар шілде айында басталады.
Айта кетейік, өткен айда «Мен қазақпын» xалықаралық байқауына арналған баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылған болатын. Сол жерде ұйымдастырушылары байқаудың алғашқы іріктеу турларының 5 маусымда басталатынын жариялаған. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар «Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың ең үздік термешісі» және «Жылдың ең үздік күйшісі» аталымдары бойынша марапатталады.
«Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің руxани тамырымыз - ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу - елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Мен қазақпын» атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз. Жобаның мақсаты - дәстүрлі әнші, термеші мен күйшілерімізді, еліміздің әрбір аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насиxаттау», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.