11 нау, 2021 сағат 08:41

Мемлекеттік сатып алуда 23 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында 23 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 2 айында камералдық бақылаумен сомасы 2,3 трлн теңгеге 213 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексерулердің қорытындылары бойынша 6 153 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 5 600 хабарламаны орындады», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы республикалық бюджеттің орындалуы жайында баяндаған министр. 

Оның дерегінше, 491 аудиторлық іс-шаралар өткізілді. Аудитпен 237 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 

«Сомасы 23 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 12 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 395 ұсыным берілді», - деді ол.