02 қар, 2022 сағат 18:04

Мемлекетке 630 млрд теңгеден астам қаржы мен мүлік қайтарылды - Бас прокурор


Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 миллиард теңгеден астам қаржы мен мүлікті қайтарды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Twitter-парақшасында мәлімдеді.

"Прокурорлардың актілері бойынша кеден саласындағы бюджет 57 млрд теңгеге толықты, мемлекет меншігіне 5 млрд теңгеге 140 мың га жер қайтарылды.

Сондай-ақ соттарға құны 13,5 млрд. теңге тұратын мемлекеттік мүлікті қайтару туралы талап-арыз енгізілді. Жоғарғы Сот 16 наразылықты қанағаттандырды. Олар бойынша қазынаға тағы 23 млрд. теңге түседі деп күтілуде.

Жұмыс жалғасып жатыр" - дейді Бас прокурор.