Фото: t.me/bort_01
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ Президенттің жеке Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттары тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Евгений Андреевич Больгерт;
Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
Нурия Исмагиловна Ниязова;
Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалсын" - делінген ресми хабарламада.
Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.