Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады.
Мемлекет басшысы:
- * отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
- * клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
- * Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.
Александер Чеферин UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.