Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.
Сонымен қатар Президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар Kazinform тілшісінің араб әлемінің саяси ықпалы және трансформациясына қатысты талдау материалы жарияланды. Аталған мақалада кейінгі 5 жылда араб елдерінің саяси ықпалы олардың өзгермелі халықаралық реалияға бейімделу қабілетінің арқасында айтарлықтай арта түскені айтылған.