13 қаз, 2022 сағат 16:10

Мемлекет басшысы Палестина Президентімен пікір алмасты


Мемлекет басшысы АӨСШК-тің VI  саммиті аясында Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.


Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.