22 мау, 2020 сағат 13:46

Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр» деп жазады Берік Уәли.