29 қыр, 2018 сағат 13:37

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралады

Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көре алады. 

Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі - Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылатын болады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары - резиденциялары ортағасырлық мешітімен бірге және басқа да бірақатар нысан толық қайта қалпына келтіріледі.