19 шіл, 2021 сағат 16:03

Мемлекет басшысы: Кей өңірлерде вакцина сақтаудың температуралық режимі бұзылған


Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина сақтау мен тасымалдаудың тәртібін қатаң бақылауды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілерін нақты қарастырған жөн. Өкінішке орай, соңғы деректер барлық өңірлер бұл жұмысты дұрыс құрмағанын көрсетеді», - деген Мемлекет басшысы вакцина дұрыс сақталмаса, тиімдігі төмендейтінін ескертті. 

«Жекелеген өңірлерде вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл оның әрекетінің тиімділігінің төмендеуіне себеп болды», - деді Президент.