Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел педагогтарын, оқушылар мен студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін», - деп жазды Президент Twitter-де.
Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында 3 миллионнан астам оқушы білімін жалғастырса, 400 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш аттайды.