Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады.
Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет.
