22 сәу, 2026 сағат 16:05

Мемлекет басшысы Каспий теңізін сақтау үшін халықаралық ынтымақтастыққа шақырды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қауымдастықты бірлескен әрекетке шақырды, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысы теңізді қорғау аймақтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауда және орнықты дамуды қамтамасыз етуде аса маңызды екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін бірқатар бастама көтеріп отыр. Атап айтқанда, мемлекетаралық бағдарлама қабылдау ұсынылған, сондай-ақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құру бастамасы көтерілген.

Бұл институт өңірлік деңгейде ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және теңіз экожүйесін зерттеуге мүмкіндік береді.

«Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осы асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы Каспий маңында қарулы күштерді қолдануға жол бермеу керектігін атап өтіп, бұл бағытта қатаң тыйым болуы тиіс екенін жеткізді.