22 сәу, 2026 сағат 15:56

Қасым-Жомарт Тоқаев: Арал теңізі – салғырттықтың ауыр салдарын көрсететін мысал

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде су қауіпсіздігі мәселесі Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Арал теңізінің тағдыры табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланудың қандай зардаптарға әкелетінін айқын көрсететінін атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

«Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сонымен қатар ол ғылыми негізделген жүйелі шаралардың арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге болатынын дәлелдейді», — деді Президент.


Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда Солтүстік Арал теңізінің шамамен 36 пайызы қалпына келтірілген. Су сапасы жақсарып, балық қоры артқан, бұл өз кезегінде өңірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізіп отыр.

Сондай-ақ Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысы өтетінін хабарлады. Жиында Қазақстанның аталған ұйымдағы үш жылдық төрағалығының қорытындылары шығарылады.