01 мау, 2024 сағат 21:10

Мемлекет басшысы «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті


Фото: Ақорда


Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балалармен кездесті, деп забарлайды «Ұлт ақпарат» Ақордаға сілтеме жасап.


Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.


Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.