17 там, 2024 сағат 15:10

Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады


Фото:akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


"Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі", -делінген хабарламада.