Мемлекет басшысы "Eurasia Group" компаниясының президенті Ян Бреммермен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Нью-Йорк сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, "Eurasia Group" зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті.
Тараптар кездесу барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.