09 қаң, 2020 сағат 06:28

Мемлекет басшысы: Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайтынын жазды.

«Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады» деп жазды Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында.