12 шіл, 2023 сағат 16:32

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.