03 қаң, 2023 сағат 11:30

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фото: Akorda.kz 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".