09 мау, 2023 сағат 18:03

Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді.

Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.