Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында Мемлекет басшысына Ақтау теңіз портының қазіргі жұмыстары, Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын арттырудың перспективалары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы шипажай аймағының инфрақұрылымын дамыту жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік міндеттерді толыққанды орындауға, соның ішінде жүк тасымалы операцияларын жүргізуге, кемелерді айлаққа қоюға және қызмет көрсетуге септігін тигізетін порттың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.