#
#
Сенбі 17/04/2021

Мемкомиссия шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қарастырды

  • 07.04.2021
  • 0
  • 314

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы 1 сәуірдегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндады. 

2020 жылдан бастап ұлттық экономикадағы қалпына келтіру серпінін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік секторды қолдауды, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, АӨК әлеуетін ашуды, тұрғын үй-коммуналдық, көлік, әлеуметтік және сауда инфрақұрылымын дамытуды, жеделдетілген цифрландыруды қамтамасыз етуді көздейтін дағдарысқа қарсы шаралардың бірнеше топтамасы қабылданды. 

Биыл наурыз айында кәсіпкерлерге жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде 4 бағыт: бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңейту бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітілді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша қосымша шаралар топтамасы әзірленді, ол 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілерінің еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен төлемдерді төлеуін кейінге қалдыруды (118 ЭҚЖЖ), банк займдары мен шағын несиені төлеуін кейінге қалдыруды (346 ЭҚЖЖ), сондай-ақ салықтық және кедендік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын тоқтата тұруды қамтиды. Бұдан басқа, тауарлардың ілеспе құжаттары мен электрондық шот-фактураларын рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы ШОБ несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау кезеңі (93 ЭҚЖЖ) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. 

Премьер-Министр биылғы жылдың 12 сәуіріне дейін Үкіметке бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулердің тиісті пакетін енгізуді тапсырды. «Барлық заңнамалық бастамалар Парламенттің ағымдағы сессиясы жұмысының соңына дейін іске асырылуы тиіс», — деді Мамин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар