Австралияның Мельбурн қаласында 21 желтоқсанда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерді қағып өтіп, 19 адам жаралады. Ел полициясы бұл оқиғадан соң күдікті екі адамды тұтқындаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға шаһардың Флиндерс көшесінде болған. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, жол талғамайтын көлік қала орталығында жаяу жүргіншілер жолында бірнеше адамды қағып өтіп, аспалы жол аялдамасына барып соғылған. Көлік жүргізушісі мен оның жанындағы ер адам ұсталған.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері куәгерлерден сұрау алып жатыр және адамдарға оқиға болған жерге жақындамауға кеңес берген.
Полиция оқиғаның кездейсоқ жол апаты, я терроризмге қатысы бар шабуыл екенін әзірге айта алмай отыр. Жедел жәрдем қызметі 13 адамның ауруханаға жеткізілгенін, олардың кейбірі ауыр жаралғанын айтады. Оқиға қаланың орталығында тұрғындар жаңа жыл мерекесіне орай қызу сауда жасап жатқан кезде болған.
Ал, SBS телеарнасының мәліметінше, зардап шеккендердің арасында бір бала бар. Ол басын жарақаттаған.