Адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн. Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент келесі айда да азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек берілетінін атап өтті.