Балаларды сұранысы бар мамандықтарға бағыттау керек. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Орта білім жүйесінде негізгі қадамдар айқындалды. Енді олардың орындалуына екпін қою керек. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту әдісінің жүйесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс. Бұл ретте, оқыту стандарттарын айтып тұрмын. Осы орайда мектептегі білім беру саласындағы аяғы жоқ реформаларға соңғы шешім болады», - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептері өзінің тиімділігін көрсете алғандығын атап өтті.
«Бұл оқу орындарында оқыту әдістемесі өте дұрыс, халықаралық негізде жасалған. Орта білімнен бастап кәсіптік диагностиканы жүргізіп, балаларды сұранысы бар мамандықтарға бағыттау керек», - деді Президент.