#
#
Жексенбі 11/04/2021

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтын болды

  • 01.03.2021
  • 0
  • 514

Оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен келе алады. Бұл - карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім.

Қазақстан мектептерінің әлеуметтік желілерінде оқушылардың офлайн оқуға оралуына байланысты осындай хабарландырулар жариялана бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Теги: мектеп, мектеп формасы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар