06 сәу, 2018 сағат 10:39

Мектеп ауласындағы әжетхана ұлттың тамырына балта шауып жатыр - Сарапшы

"Аман-саулық" қоғамдық қорының басшысы Қазақстандағы бедеу отбасылардың саны артып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Кейбір мектептердегі оқушылар сырттағы әжетханаға баруға мәжбүр, бұл оларды алдағы уақытта бедеулікке шалдықтыруы мүмкін, деп мәлімдеді "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.

Ол сенаттағы парламент тыңдауында бүгінде билік жасанды ұрықтандыруға (ЭКО) ақша бөліп отырғанын атап өтті. Өткен жылы 900 квота бөлінген, биыл тағы 900 квота берілмек. Бір ЭКО процедурасы кем дегенде 700 мың теңге тұрады.  

Оның мәліметінше, Қазақстандағы отбасылардың  15% бедеу, сондықтан бұл квота жеткіліксіз. 

"Денсаулық дәрігерлерге ғана байланысты нәрсе емес, ол үшін денсаулық сақтау министрлігінен бастап, өзге де мемлекеттік құрылымдар жауап беруі тиіс", — дейді Түменова.   

"Мәселен, мен бедеулік туралы айттым. Бүгінде бедеулікке аборт қана емес, суықтан болатын қабыну процестері де себеп болып отыр, өйткені оқушылардың көбісі ауладағы әжетханаға шығады", — деп түсіндірді сарапшы.  

sputniknews.kz