27 қыр, 2016 сағат 08:20

Мексикада құлшылық ету кезінде көзін ашқан 300 жастағы мумия жұртты таңғалдырды (Видео)

Мексиканың Гвадалахара қаласындағы кафедралды соборға қойылған 300 жастағы әулие Иносения мумиясы құлшылық ету кезінде көзін ашты. Жұмбақ кадрлар желіде жылдам таралып кетті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

YouTube желісінде жарияланған бұл феноменнің себебін тілшілер де, комментаторлар да түсіндіре алмай отыр, деп жазады Mirror.

Роликтің авторы да XVIII ғасырда өлген қыздың қалайша көзін ашқандығын білмейді. Кейбір көрермендер роликті жасанды десе, кейбіреулері көзін ашып-жұмған мумияны тылсым белгі деп сенеді. Ал қандай тылсым күш екенін өздері де түсінбейді.

Көп нұсқалардың бірі бойынша әулие Инесенияны шіркеуге барғысы келгені үшін әкесі бауыздап өлтірген.