19 шіл, 2021 сағат 08:54

Меккеге қажылық сапар басталды


Мұсылман қауымы үшін жексенбіде Меккеге қажылық сапар басталды, - деп хабарлады саудиялық "Ихбария" телеарнасы.

Қажылық сапар екі жыл қатарынан коронавирус індетіне байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.

Биыл 60 мың адам ғана парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.