05 қаз, 2020 сағат 13:50

Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Euronews.

«2020 жылы физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтар - Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа тағайындалды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Яғни, 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анықтаған. Вирусты ашу инфекцияны анықтайтын тест жүйесы мен дәрі жасауға мүмкіндік берді, миллиондаған адамның өмірін аман алып қалдық», - делінген сыйлықты тағайындау туралы мәлімдемеде.

85 жастағы америкалық вирусолог және инфекционист Харви Олтер – Ұлттық денсаулық сақтау институтына қарасты қан құю институтының инфекциялық аурулар бөлімінің басшысы. Майкл Хоутон Канаданың Альберта аймағындағы вирусология институтында жұмыс істейді. Ал Чарльз Райс – Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінің вирусология профессоры.

Дәстүрлі Нобель апталығы дүйсенбіде медицина саласындағы лауреаттарды жариялаудан басталды.

Еске сала кетсек, биыл Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты рәсім Стокгольм мэриясынан трансляцияланады. Оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін.

Марапаттар жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері арқылы табысталады.