Медицина ардагері коронавирус инфекциясымен күресу кезінде вакцинацияның маңыздылығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласы жедел жәрдем станциясының ардагері, жоғары санатты маман Игорь Волковтың айтуынша, коронавирусты тек вакцина жеңеді. Пандемиядан шығудың жалғыз жолы – екпе алу.
«Мен өмір бойы жедел жәрдем станциясында жұмыс істедім және соңғы 15 жыл бас дәрігер болдым. Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация бастала салысымен алғашқылардың бірі болып вакцина алдым. Вакцинация – пандемияны жеңе алатын ең басты құрал деп санаймын. Сондықтан мен барлығын, бүкіл халықты вакцинациядан қорықпауға шақырамын. Барлығы өзіңізді және жақындарыңызды осы қорқынышты індеттен қорғау үшін жасалатынын түсінуіңіз керек. Вакцина сонымен қатар эпидемияның алдын алатын бүгінгі үміт. Сізге вакцина егу керек. Бұл – бәріміз үшін басты және маңызды міндет», - деді Игорь Волков.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау бірінші ақпанда басталды.
2021 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен - 3 413 684 адам, II компонентпен 2 039 622 адам вакциналанды.
