29 нау, 2023 сағат 14:55

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Мәжілістің VIII шақырылымының депутаттары төменгі палатаның тұрақты комитеттерінің санын анықтап, олардың төрағалары мен құрамын сайлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Конституцияға сәйкес, Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны жетіден аспауы керек. Жетінші сайланған Мәжілісте жеті тұрақты комитет жұмыс істеген еді. Жаңа халық қалаулылары комитеттердің атауы мен санын өзгеріссіз қалдырды.

Олар: 

1. Аграрлық мәселелер комитеті – Серік Егізбаев;

2. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;

3. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Снежанна Имашева;

4. Қаржы және бюджет комитеті – Мәди Тәкиев;

5. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Айгүл Құспан;

6. Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин;

7. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.