17 мау, 2020 сағат 08:38

Нығматулин коронавирус жұқтырды

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин коронавируске байланысты оқшаулану туралы шешім қабылдады. Қазір ол қашықтан жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мәжіліс Төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмады. 

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырды. 

Ағымдағы жылдың 9-11 маусымы аралығында Мәжіліс Төрағасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын. 

Елжан Біртановтың оң сараптамасына байланысты, 16 маусымда Мәжіліс Төрағасы тағы бір сынақтан өтті. Өкінішке орай, тест оң нәтиже көрсетті. Диагноз симптомсыз түрі деп қойылды. 

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдады. 

Қазіргі уақытта Мәжіліс Төрағасы қашықтықтан жұмысын жалғастыруда. 17 маусымда өтетін Мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізуде», - делінген Мәжіліс ақпаратында.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. 

12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтқан. Онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы оқшаулануға мәжбүр болып отыр.

Әріптестерімен бірге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз үйлерінде оқшауланды.