Фото: Tengrinews.kz
Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелерін ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізіліп, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.
Партиялық тізімдер бойынша алдын ала нәтиже келесідей:
- Amanat партиясы - 53,90 пайыз, (3 431 510 дауыс);
- "Ауыл" партиясы - 10,9 пайыз, (693 938 дауыс);
- "Ақ жол" партиясы - 8,41 пайыз, (535 139 дауыс);
- Қазақстан халық партиясы - 6,8 пайыз, (432 920 дауыс);
- Respulica партиясы - 8,59 пайыз, (547 154 дауыс);
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,2 пайыз, (331 058 дауыс);
- "Байтақ" жасыл партиясы - 2,3 пайыз, (146 4431 дауыс);
- "Бәріне қарсымын" - 3,9 пайыз (248 291 дауыс).
Осылайша, Мәжіліске өту үшін бес пайыздық шекті межені жеті партияның алтауы жинаған.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша:
Округ №1 (Астана) - Дәулет Тұрлыханов;
Округ №2 (Астана) - Дәулет Мұқаев;
Округ №3 (Алматы) - Ермұрат Бәпи;
Округ №4 (Алматы) - Ерлан Стамбеков;
Округ №5 (Алматы) - Бақытжан Базарбек;
Округ №6 (Шымкент) - Данабек Исабеков;
Округ №7 (Шымкент) - Болатбек Нәжіметдинұлы;
Округ №8 (Абай облысы) - Нұртай Сәбильянов;
Округ №9 (Ақмола облысы) - Айна Мысырәлімова;
Округ №10 (Ақтөбе облысы) - Қазыбек Әлішев;
Округ №11 (Алматы облысы) - Ардақ Назаров;
Округ №12 (Алматы облысы) - Данияр Қасқарауов;
Округ №13 (Атырау облысы) - Әділ Жұбанов;
Округ №14 (Батыс Қазақстан облысы) - Абзал Құспан;
Округ №15 (Жамбыл облысы) - Мұқаш Искандиров;
Округ №16 (Жамбыл облысы) - Гүлдана Нұрымова;
Округ №17 (Жетісу облысы) - Руслан Қожасбаев;
Округ №18 (Қарағанды облысы) - Құдайберген Бексұлтанов;
Округ №19 (Қарағанды облысы) - Арман Қалықов;
Округ №20 (Қостанай облысы) - Еркін Әбіл;
Округ №21 (Қызылорда облысы) - Мархабат Жайымбетов;
Округ №22 (Маңғыстау облысы) - Еділ Жаңбыршин.
Округ №23 (Павлодар облысы) - Амантай Жарқынбек;
Округ №24 (Солтүстік Қазақстан облысы) - Еркебұлан Мәмбетов;
Округ №25 (Түркістан облысы) - Қайрат Балабиев;
Округ №26 (Түркістан облысы) - Ұласбек Сәдібеков;
Округ №27 (Түркістан облысы) - Темір Қырықбаев;
Округ №28 (Ұлытау облысы) - Ерболат Сатыбалдин;
Округ №29 (Шығыс Қазақстан облысы) - Ұлықбек Тұмашинов.
Айта кетейік, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы өз таңдауын жасаған.
Сайлаушылардың ең көбі - Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы - Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.