27 там, 2020 сағат 13:10

Мәжіліс депутаты Президент Жолдауында қай бағыттарға басымдық берілуі мүмкін екенін айтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцевтің пайымынша, елдің даму бағытын білу үшін әр Қазақстан азаматы Президент Жолдауын тыңдайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барша қазақстандық қоғам Президент Жолдауын күтіп отыр, себебі осы Жолдау коронавирус індетінің ерекше жағдайында жарияланады. Біз індетке және ауқымды әлемдік дағдарысқа тап болдық. Осы орайда проблемалардың толық спектрін қамтып отыр. Әр адам бұл жағдайда «қайда және қалай ілгерілейміз?» деген сұрақты қойып отырғаны белгілі. Ірі бизнес мұндай ауыртпалықты қиын еңсеріп жатқанын байқадық. Сондықтан бағытымызды білу үшін 1 қыркүйек күні әр Қазақстан азаматы Президент Жолдауын тыңдайтынына сенімдімін», - деді депутат. 

Оның пайымынша, базалық екі кезең бар - коронавирус инфекциясының таралу жағдайы мен індеттің екінші толқынына дайындық шаралары. Осы орайда ол мемлекет өзінің тұрақтылығын сақтауы үшін экономикалық әрі әлеуметтік мәселелер бойынша нақты мақсатты тұжырым қажет екенін айтты. 

«Менің ойымша, экономикалық бөлікке басымдық беріледі, себебі біз кірісті қалпына келтіріп, жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнесті дамытуымыз керек. Бұған дейінгі кезеңде бюджеттің басым үлесі әлеуметтік төлемдерге, халықты әлеуметтік қолдауға арналған болатын. Сондықтан жұмыссыз адамдарды қолдау және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тетігі үшін әлеуметтік блок пайда болуы мүмкін. Заңнаманы қазіргі жағдайға сәйкес келтіру керектігі туралы белгілер байқалуда. Сәйкесінше, Жолдау жарияланғаннан кейін депутаттық корпус жедел тәртіпте нормативтік актілер мен заңдардан бөлек, Президент берген тапсырмалар бойынша жұмысқа кіріседі деген сенімдемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген мақсатты міндеттерді шешуге қосылуға дайынбыз»,- дейді Павел Казанцев.