ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Иксанованың өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Мұстахымқызы Иксанованың орнынан кету туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
Г.М. Иксанованың Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», делінген Орталық сайлау комиссиясының құжатында.