26 жел, 2018 сағат 12:59

Мәжіліс Арменияның Премьер-Министріне қатысты құжатты мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2015 жылғы 6 желтоқсанда Арменияда конституциялық референдум өтіп, нәтижесінде, президенттік басқару түрі парламенттік басқару түріне өзгергені белгілі.

«Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2018 жылы сәуірден бастап Арменияның Премьер-Министрі елдің жоғары лауазымды тұлғасы болды. Осы ел Премьер-Министрі өкілдіктеріне сыртқы саясат мәселелері де жатады, ол мемлекеттік қауіпсіздік кеңесін басқарады. Қарулы күштер Үкіметке бағынады. Армения Президентінде қазір шектелген өкілдік қызметтері бар. Бұл елде аяқталған саяси реформаны ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшыларымен қатар, үкімет басшының кіруін реттеу мақсатында аталған хаттаманы Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп әзірледі», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.