12 там, 2016 сағат 12:57

Майкл Фелпс Олимпиада ойындарының екі мың жыл бұрынғы рекордын жаңартты

Америкалық суға жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 22-ші алтынын алып, ежелгі грек олимпшісі Леонид Родосскийдің 2000 жыл бұрынғы жетістігін басып озды, деп хабарлайды centralasian.org порталы РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Әйгілі америкалық Фелпс 200 метрлік комплекстік жүзуден бірінші орын алды. Бұл жеңіс оның Олимпиада ойындарындағы жеке сайыстарындағы 13-ші алтыны еді.

Антиктік желаяқ Леонид Родосский 12 мәрте жеңіске жеткен. Ол біздің заманымызға дейінгі 164 жылдан 152 жыл аралығында төрт Олимпиадаға қатысқан. Осы уақытқа дейін Родосский тарихтағы ең атақты олимпші саналып келді.

Майкл Фелпс — 22 олимп "алтынын" жеңіп алған жалғыз спортшы. Америкалық атлет Ойындардан барлығы 26 медаль алған.

31 жастағы спортшы Риодағы Олимпиадан соң спортпен қош айтысады. Фелпс 2012 жылы Лондондағы Ойындардан соң спорттан кеткісі келген, бірақ 2014 жылы сәуірде қайта оралды.

Ұлт порталы