#
#
Жұма 22/01/2021

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды

  • 29.11.2020
  • 0
  • 181

15 жылдан кейін кәсіпқой рингке қайта оралған бокс аңызы Майк Тайсон мен төрт салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Рой Джонс арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

8 раундқа созылған жекпе-жекте Майк Тайсон айқын басымдық таныта білді. Айқас соңына дейін ауыр соққылар бағыттап, өте жақсы физикалық жағдайын көрсетті. 

Ал қарсыласы Рой Джонс ауыр соққылардан сәтті жалтарып, қорғанысқа көңіл бөлді. 

Қорытындысында екі боксшы арасындағы айқас төрешілер шешімімен (76-76/79-73/80-76) тең нәтижемен аяқталды.

Айта кетейік, 54 жастағы Майк Тайсон бұған дейін рингке қайта оралатынын жариялап, қарсылас ретінде 51 жастағы Рой Джонсты таңдаған болатын.

Боксшылардың жасын ескере отырып, айқас өнер көрсету стилінде өтті. Сондай-ақ, әр раунд 2 минутқа есептелген.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Майк Тайсон өзін өте жақсы сезінетінін және қайта айқасуға дайын екенін жеткізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар