01 шіл, 2021 сағат 10:33

Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық үздік 10 боксшы анықталды


Boxrec.com сайты үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) рейтингіде көп жылдан бері көшбасшы болып отыр. Екінші орынға соңғы жекпе-жегінің арқасында Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) көтерілді. Үштікті Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) түйіндейді. 

Маусым айының қорытындысы бойынша үздік 10 қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) — 516.0

2. Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) — 35.04

3. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) — 21.13

4. Данияр Елеусінов (10-0, 6КО) — 20.88

5. Қанат Ислам (28-0, 22КО) — 20.85

6. Батыр Жүкембаев (18-1, 14КО) — 15.68

7. Жан Кособуцкий (15-0, 14КО) — 10.36

8. Садриддин Ахмедов (12-0, 10КО) — 10.21

9. Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8КО) — 10.10

10. Әли Ахмедов (16-1, 12КО) — 9.361.