Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаимен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Кездесу барысында парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болды.
Мәулен Әшімбаев қазақстандық парламентшілердің жапон әріптестерімен екіжақты және халықаралық парламенттік ұйымдар, атап айтқанда, Парламентаралық Одақ аясындағы өзара нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті», - делінген Сенаттың баспасөз хабарламасында.