18 мау, 2020 сағат 11:00

Мәулен Әшімбаев: Пандемия кезінде мемлекеттік шығындарды қайта қарау керек

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев коронаирус пандемиясы мен оған қатысты дағдарыс жағдайында қазіргі мемлекеттік шығындарды қайта қаралуы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қандай мәселеге назар аудару керек? Біріншіден Мемлекет басшысы 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлердің саны мен ұлттық компаниялардың персоналдардың төрттен бірін қысқарту туралы тапсырма берген еді. Бұл жерде әлбетте әңгіме мемлекеттік қызметкерлер штатын механикалық тұрғыда қысарту, тұтас, мобильді әрі тиімділігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыру керек. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, үнемделген қаражатты басқа салаға пайдаланса жөн болар еді. Екіншіден коронавирус пандемиясы цифрландыру мен қашықтан жұмыс жүргізу арқылы ақшаның біршама бөлігін үнемдеуге болатынын көрсетті. Мәселен қазірдің өзінде мемлекеттік аппараттың жартысы қашықтан жұмыс істеп, өнімділікті төмендеткен емес», - деді Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының отырысында. 

Оның айтуынша қазір шаралардың көбін онлайн режимде өткізуге болады. Ізінше жұмыстың бұл реті іссапарға немесе көліктік шығындарға шығатын қаражатты үнемдеп қалуға жол ашады. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан атқарылатын жұмысқа ауыстырып, оңтайландыру мен шығындарды қысқарту мүмкіндіктерін мақсатты түрде зерттеу керек. 

«Жалға төленетін немесе ғимаратты ұстап тұру үшін кететін, көліктік мақсаттағы да шығындарды қысқартуға мүмкіндіктің бар-жоғын зерттеп, зерделеу керек. Бұл жерде әлеует айтарлықтай мол. Мәселен 2019 жылдың бюджетінде елден тыс іссапарлар мен қызметтік сапарларға шығатын шығын 17,5 пайызға өскен. Ел ішіндегі бұл бағыттағы шығын 8,8 пайызға өскен. Көліктік қызмет төлемі 21 пайызға қымбаттаған. Үшіншіден қазіргі жағдайда мемлекеттің стратегиялық маңызы жоқ шығындарын да қысқарту керек. Мәселен бұған консалтингті және зерттеу қызметтеріне шығатын шығындарды жатқызуға болады», - деді ол.

Мәулен Әшімбаев 2019 жылдың бюджетінде бұл мақсатта 43 млрд теңге жұмсалғанын еске салды.

«Жалпы пандемия мен оған қатысты дағдарыс қазіргі мемлекеттік шығындарды қайта қарауға себеп болуы тиіс. Осылайша шығындарды оңтайландырып, қаражатты даму мақсатына жұмсап, азаматтардың өмір сапасын арттыру керек», - деді ол.